Роза – Еңбек Ері
Роза – Еңбек Ері
179
оқылды

Роза – шетелде өнер көр­сетіп, қазақ елін таныт­қан әнші. Роза – өзінің ерек­ше дауысымен миллиард­тарды мойындатқан дара тұлға. Роза – Кеңес Одағының және қазақ эстрадасының тірі аңызы.

Өзінің нәзік болмысымен, табиғи талантымен талайдың таңдайында жүрген өнер иесінің еңбегі қалай еленсе де артық емес. Оның орындаған әндері отандық музыка өнерінің алтын қорын толықтырды.

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Роза Рымбаева «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен: «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордені­мен марапатталды. Бұл – Розаға тектілігі мен өнерге адалдығының арқасында келген үлкен жеңіс. Иә, ол үшін ұсақ-түйек ештеңе жоқ. Сахнада жүргеніне 40 жылдан асса да өзін үлкен емтихан алдын­да тұрғандай сезінетін жауапкершілігі әншіні осындай биікке көтерді. Бұл жаңалық қалың қазақ даласына жылы желдей есіп, қуанбаған адам қалмады.

Өйткені өзіндегі барды өнер­дің мейрамына айнал­дырған дарынды әншіні қа­лың елі қа­шанда мақтан тұтады. Мыңнан бірге берілген, Розаның маң­да­йына жазылған бақ бұл! Құтты болсын!