Қырымбек Көшербаев дауыс берді
Қырымбек Көшербаев дауыс берді
147
оқылды

Дауыс берушілер санитарлық талапты сақтай отыра, кезекпен дауыс беріп жатыр.

Бақылаушылардың айтуынша, № 126 сайлау учаскесі сағат 6-да жұмысын бастаған. № 79 мектептің алдында адамдардың дене қызуын өлшеп, қызметкерлер қос есіктен кезек пе кезек кіргізіп жатыр.

«Учаске сағат 6-да ашылды. Сайлаушылар белсенді. Өз кезегімізде бақылаушылар да тарихи сәтті жіті қадағалап отырмыз. Әзірге ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Әрі учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған»,- дейді бақылаушы Бақытқали Әбдіғалиұлы.

Айта кетерлігі, аталған сайлау учаскесінде Қырымбек Көшербаев дауыс берді. Ол бүгін мемлекет үшін айтулы күн екенін, халықтың дауыс беруге жауапкершілікпен қарауы қажетін айтты.

Жалпы, еліміз бен шетелді қоса алғанда 10 060 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Айбике ЖАНАСЫЛ