«Грэмми» сыйлығын алсам деп армандаймын» — Димаш болашақтағы жоспары жайлы айтты
«Грэмми» сыйлығын алсам деп армандаймын» — Димаш болашақтағы жоспары жайлы айтты
158
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен соң, Қазақстанға оралды.

Нью-Йорктегі концертіне әлем жұртшылығы таңдай қақты. «60 мемлекеттен келген әртүрлі ұлттың өкілдері біздің елдің туын ұстап, біздің еліміздің жалауын көтеріп, біздің елге үлкен құрмет жасады. Сол бізді тебірентті. «Дайдидау», «Елім менің» секілді әндерді қосылып шырқады. Яғни, рухымызға рух қосты. Шабытымызға шабыт қосты», ­ ­— дейді Қанат Айтбаев.

Димаштың Нью-Йорктіге концерті бір кездері Бейонсе, Мадонна, Рианна сынды жұлдыздар өнер көрсеткен әйгілі «Барклайс-центр» сарайында өтті.

Қазақстанға келген Димаш бала күнгі арманы орындалғанын айтты.

«Бұл концерт — менің бала кезгі арманымның орындалғаны. Бала кезден бері осы Америкада үлкен стадионда қазақ әндерін айтып, қазақтың күйін күмбірлетуді армандадым. Осы күнге дейін жүрегімде әуелеп келді. Қазір одан әрі тырысып, болашақта «Грэмми» алсам деп армандаймын», ­— деді Димаш Құдайберген.