Украинаның «Нептун» зымыраны 900 шақырымға дейінгі нысандарды жоя алады – сарапшы
Украинаның «Нептун» зымыраны 900 шақырымға дейінгі нысандарды жоя алады – сарапшы
375
оқылды

Украинаның «Нептун» қанатты зымыраны елдің сәтті аяқталған маңызды әскери әзірлемелерінің бірі саналады. Бұл туралы Украина Әскери-теңіз күштері штабы бастығының бұрынғы орынбасары Андрей Рыженко мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, бастапқыда кемелерге қарсы жасалған «Нептун» кейін құрлықтағы нысандарға соққы беруге бейімделген.

«Ұзын Нептун» зымыраны 900 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысандарды зақымдай алады. Рыженко оны америкалық Tomahawk зымыранымен ішінара салыстыруға болатынын, алайда техникалық сипаттамалары жағынан едәуір төмен екенін айтты.

Ал Украинаның «Фламинго» зымыранымен тікелей салыстыру дұрыс емес. Сарапшының пікірінше, бұл қарулардың сипаттамалары мен қолданылу ерекшеліктері әртүрлі.

Рыженко «Нептун» зымырандары қазір жеткілікті көлемде өндіріліп жатқанын және әскери операцияларда тиімділігін көрсеткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар ол Украинаның келесі маңызды жобасы «Сапсан» баллистикалық зымыранын жетілдіру болуы мүмкін екенін атап өтті.