Павлодарда энергетиктер «жұмыс жүрсін» деген ниетпен сиырды құрбандыққа шалып, қанын шашқан
Павлодарда энергетиктер «жұмыс жүрсін» деген ниетпен сиырды құрбандыққа шалып, қанын шашқан
116
оқылды

Павлодарда энергетика саласының мамандары сиырды құрбандыққа шалып, оның қанын қосалқы бөлшектерге шашты.

КТК арнасының хабарлауынша, энергетиктер Ақсу жылу электр орталығында генератордың жақсы жұмыс істеуін тілеп, ірі қараны құрбандыққа шалған.

Құрбандыққа шалынатын малды жүк көлігімен орталыққа алып кірген. Онда жасалған жөн-жоралғыға зауыт жұмысшыларының барлығы қатысты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, электр орталығындағы бір турбинада ақау шығып әбігерге түскен екен. Кәсіпорын басшылары бұны әлдебір жұмбақ күштің кедергі келтіруінен жұмыс тұрып қалды деп сенсе керек. Құрбандыққа мал шалып, оның қанын әлгі қосалқы бөлшектерге шашқан.

«ЕЭК» АҚ коммуникация бойыншы жетекші маманы Әйгерім Иманғазинова: «Дәстүр бойынша, бізде ірі жобалар жүзеге асқанда немесе кәсіпорын нысандарының құрылысы қайта жөнделсе, дін қызметкерлерін шақырып батасын аламыз. Бесінші блок іске қосылғанда да солай істедік. Бұл жұмысшылардың бастамасы. Етті аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тараттық», ­— дейді.