Ер адам әкімшілік қадағалауға алынған.
Кешкі сағат 10-нан кейін үйінен шығып кеткен қазақстандық қамауға алынды
17,497
оқылды

Абай ауданында кешкі сағат 22.00-ден кейін үйінен шығып кеткен жергілікті тұрғын қамауға алынды. Ол сот шешімімен белгіленген қадағалауға алу тәртібін бұзған, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Абай облысы сотының Facebook парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау ережелерін немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған сотталушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды (ӘҚБтК-нің 480-бабы 2-бөлігі).

Ер адам әкімшілік қадағалауға алынған. Оған сәйкес, ер адам кешкі сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін үйден шыға алмайды.

"Мемлекеттік әкімшілік қадағалаудағы тұлға" санаты бойынша есепте тұрған Г. тексеру барысында каннабиноидтарды қолданғаны анықталды және тексеру барысында 00 сағат 30 минутта ол үйінде болмағаны анықталған, яғни ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 480-бабы 2-бөлігін бұзған", – деп жазылған сот хабарламасында.

Сот қаулысымен ер адам құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 4 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Қаулы күшіне енді.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 480 бабы 2-бөлігімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам өзіне қатысты сот белгілеген әкімшілік қадағалау ережелерін немесе шектеулерді сақтамаса, оған қоса әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұл құқықбұзушылықты қайталаса, сотталған адамға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.