Ол тіпті силиконды қызын мейрамханаға апарып, сөз салған.
Қазақстандық жігіт негізінен бодибилдингпен айналысады. Марго есімді сүйіктісімен кездесіп жүргеніне 8 ай болған.
Жігіттің айтуынша, сүйіктісі барда даяшы болып жұмыс істейді. Тамақ істей алмаса да, грузин асханасын ұнатады екен. Оның сүйікті тамағы - хинкали. Жігіт қызынан бір сәтке де ажырамайтынын мойындады. Сол үшін де онымен бірге Cоmedy Club бағдарламасына түскен. Сонымен қатар, қазақстандық жігіт өзінің таңдаған жарын ел-жұртқа жария салғанда, жұптарының сынға қалғанын жасырмады. Сол үшін де сүйіктісі өзіне пластикалық ота жасатқан. Жігіттің айтуынша, отаны кәсіби хирургтар жасаған.
Бұл жайында New York Post-та жарияланған болатын.