Астана LRT: қалалық мәслихат хатшысы қамалды
Астана LRT:  қалалық мәслихат хатшысы  қамалды
196
оқылды

LRT құрылысын салу барысында қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің брифингінде айтылды.

«Қазіргі уақытта әкімдіктің бұрынғы басшылары қамауға алынды. Олар Р.Аманжолов және Ж.Нұрпейісов пен үш мердігер ұйымның басшылары», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Қылмысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков пен «Астана LRT» басшысы Т.Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың қатысуымен ұйымдастырған.

«Осы лауазымдағы тұлғалар әкімдік басқармаларының бұрынғы басшылары Р.Аманжолов, Ж.Нұрпейісовтің қатысуымен 24 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңесшілік қызметтерді көрсету және техникалық бақылау шығындары кірген», – деді Перов.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметі Ж.Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы екенін айтты.