Ассамблея идеологияны нығайтуға септеседі – Шиповских
Ассамблея идеологияны нығайтуға септеседі – Шиповских
155
оқылды

Қазір ассамблеяның 504 мүшесі дауыс беріп жатыр. Осы тұста сессияға қатысушы, ҚХА-ның мүшесі Геннадий Шиповских сайлаудан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

– Парламент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрған саяси реформалардың уақытында орындалуын қамтамасыз етті. Сондай-ақ халықтың ұсыныс-өтініштерінің қабылдануына түртті болды. Күні кеше сайлау болғанын білеміз, бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы да сайлау өткізіп, Парламенттің жаңа құрамын жинауға ат салысып жатыр. Ассамблеяның да нақты атқаратын маңызды бағыттары көп, әсіресе идеология жағын нығайтуға септігі мол. Сондықтан бұл сайлаудың ашар жаңалығы болуы тиіс, – деді ол.

                                                      Мадияр ТӨЛЕУ