Сенаторлар марапатталды
Сенаторлар марапатталды
151
оқылды

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне мемле­кеттік марапаттарды табыс етті.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен мем­лекетке сіңірген еңбегі үшін сенатор Төлеубек Мұ­қашев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мара­патталды. Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ғұмар Дүйсембаев, Манап Көбенов, Марат Та­ғымов және Сенат аппаратының басшысы Серік Сыдықовтың еңбектеріне орай оларға «Парасат» ордені берілді.

Бұдан бөлек, салтанатты жиында өзге ұйымдар­дың марапаттары да ұсынылды. Парламентаралық ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны үшін ТМД ПА қаулысымен сенаторлар Владимир Вол­ков пен Ерболат Мұқаев «Достастық» орденімен ма­ра­патталды. Сенат депутаттары Серік Бектұрға­нов пен Әлімжан Құртаевқа «Парламенттік ын­ты­мақтас­тықты нығайтқаны үшін» медалі, Дәурен Әділбеков, Нұрлан Бекназаров, Абдалы Нұралиев, Нұржан Нұрсипатовқа Құрмет грамоталары берілді.

Нұрлан Бекназаров, Бекмырза Еламанов, Манап Көбенов, Бақтыбай Шелпеков, Динар Нөкетаева, Рысқали Әбдікеров пен Михаил Борт­никке Сенат Төрағасының Алғысхаттары мен Nur Otan партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілері табыс етілді.


Ерік ЕРДЕНОВ