Бүгін ауа райы қандай болады?
Үсік, жел, жауын-шашын: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
3,247
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР аумағының басым бөлігіне найзағайлы жаңбыр, батысқа қатты жаңбыр, бұршақ алып келеді. Тек еліміздің солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, батысы мен оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.