Халық сенім артып отыр – Марат Бәшімов
Халық сенім артып отыр – Марат Бәшімов
241
оқылды

Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау демократияны дамытудың қадамы екенін айтты. Мәжіліске қажетті 7 пайызды жинаған 3 партия өтті. Сайлауға келудің алдын ала қорытындысы – 63,3%, яғни мұны жоғары көрсеткіш деп айтуға болады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Польшада соңғы сайлауда 30%-дан астам сайлаушы қатысты. Сайлауға азаматтар жауапкершілікпен қарады. Exit poll-дың алғашқы нәтижесі де белгілі болды. Атай айтқанда, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты таразылаған exit poll нәтижесінде, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген», – деп жазды Марат Бәшімов. Оның айтуынша, пандемия кезінде өткізілген сайлауда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Жастар да сайлауда белсенділік танытты.

«Пандемия жағдайына қарамастан, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл сайлауда жастар белсенді қатысты. Кандидаттар көп болса да, барлығына бірдей жағдай жасалды. Қоғам Парламенттің жаңадан сайланған депутаттарға сенім артады. Қарапайым тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуда тың өзгерістер күтеді», – деді Марат Бәшімов.