Табиғи таза өнім үшін табиғи әдіс қолданылуы тиіс
Табиғи таза өнім үшін табиғи әдіс қолданылуы тиіс
595
оқылды

Еліміздегі жылыжайлар сұ­ранысты өтеу үшін жеміс-жи­дек­терге түрлі химиялық қоспалар қолдану арқылы кәсіптерін жүр­гізіп отыр. Денсаулыққа зиян­сыз екені айтылып жүргені, та­биғи жолмен өскен жемістердің дәмі дәмдірек әрі қауіпсіз бола­тынын тұтынушылар жақсы бі­леді. Қыс мезгілінде жылыжай­лардың жұмысы қыза түседі. Да­мыған елдер химиялық қос­палардың орнына табиғи жолмен пайдалы жәндіктерді, кенені және түкті араны өсіру арқылы зиян­кестерден биологиялық әдіс­пен қорғау мақсатында оларды жылыжайға жіберіп, органикалық таза өнім алу әдісін жолға қойған екен. «Болашақ» бағдарлама­сымен Австралияның Квинсленд университетінде оқы­ған Аймекен Нығыметова бұл әдісті елімізде алғаш рет ен­гізіп отыр. Бұл жоба Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті және Дүние­жүзілік банктің «Өнімді инно­вацияларды ынталандыру» жоба­сы аясына жүзеге асып отыр.

Аймекеннің айтуынша, энто­мофагтар зиянды жәндіктерді жеу арқылы немесе зиянды ор­га­низмнің ішіне өзінің генети­ка­лық материалын енгізу ар­қылы өлтіреді.

– Жобамыз қатарынан үшін­ші жыл жүзеге асып келеді. 9 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Ресейде өзіміз сияқ­ты компаниялармен бірле­сіп жұмыс істеуге уағдаласу үс­тін­деміз. Оның ішінде өнім­дерімізді Ресей нарығына шы­ға­руды көздеп отырмыз. Бұл үшін көрші елдің бекітілген стан­дарттары бар. Мысалы, өнімнің қорап­тарын дайындап, кедендік та­лаптарға сай етіп жасау сияқты мәселелер туындап отыр. Қазір­гі уақытта сапамызды жақсарту­ға күш салып отырмыз,− деді А.Ны­ғыметова. Оның ай­туын­ша, отандық нарықты жау­лау үшін әлі де тұтынушылардың сенімінен шығу керек. Еліміздегі жылы­жай­лар көбіне шетелдің өнімін қол­данатындықтан жаңа тәсілге көшуде әрі отандық өнім­ге қы­зығушылық танытып отырған жоқ. Десе де, AgroShield компа­ниясы тарапынан түсін­діру жұ­мыстары тұрақты жүргізіледі.

– Көптеген компанияға тегін үлгілерді береміз. Кейін өздері қы­зығушылық танытып, химия­лық қоспаның орнына біз ұсын­ған табиғи жолмен өнім алу әді­сіне көшеді. Өйткені бұл әдіс адам денсаулығына әлдеқайда пайдалы екенін көпшілік жақсы біледі. Барлық жылыжайлардың бұл әдіске көшпей отырған се­бебі, химиялық қоспалар біз ұсы­нып отырған әдіске қараған­да анағұр­лым арзанға түседі. Бі­рақ еліміз­дегі кейбір жылыжайға қолдануға арналған жәндіктерді шет елдік компаниялар тасымал­дап отыр. Әрине, олардың баға­сы қымбатқа түседі. Біздің өнім шетелдік бә­се­келестерге қара­ған­да 30-50% ар­зан. Өнімді жет­кізу уақыты 3-4 есе қысқарған, – деді жоба же­тек­шісі. Оның айтуынша, химиялық қос­па­ларға қарағанда тірі орга­низм­дердің күту жұмыс­та­ры бар. Сол себепті бағаның қым­бат бо­ла­тыны тіке­лей кеткен шы­ғынға байла­ныс­ты болмақ. Ал­дағы уа­қыт­та отан­дық кәсіпор­ын өз өнім­дерін сырт­қа экспорттауды жоспарлап отыр.

 

Ерке ЕРҚОҢЫР