Қазақстанда тағы аяз болады
Қазақстанда тағы аяз болады
97
оқылды
"Қазгидромет" РМК 12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Кезеңнің басында Атлантикалық циклон елдің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі: солтүстікте – жаяу бұрқасынмен қар, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Содан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды. Осыған байланысты кезеңнің соңына қарай ауа райы ашылып, температура төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста – көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.