Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында 2020-2021 оқу жылының III тоқсанындағы оқу форматы туралы айтып берді. 2020-2021 оқу жылында қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 276 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 270 мыңнан астам оқушыны қамтитын 207 мемлекеттік мектеп, 17 мыңнан астам оқушыны қамтитын 69 жекеменшік мектеп. Балалар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы жалпы білім беретін 205 мектепте оқу жылы қашықтан басталды. Көлсай мен Сұлусай ықшам аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептердің, сондай-ақ 35 жекеменшік мектепте адам санының аз болуына байланысты оқыту тұрақты режимде жүргізілуде. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ден 5-ші сыныптарға дейін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етілді. Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева атап өткендей, созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныпта оқуға жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Балалардың кезекші сыныптарда оқуын таңдау құқығы балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне тиесілі. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Білім басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, 9-шы және 11-ші сыныптардың түлектері үшін оқу жылының 3-тоқсанынан бастап (пәндердің 70%-ы оффлайн режимде және 30%-ы онлайн режимде) оқушылар санын 15-тен асырмай аралас оқытуды қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. 2020 жылдың 30 желтоқсанында және 2021 жылдың 6 қаңтарында 9 және 11 сыныптарды аралас оқытуға көшіру туралы мектеп директорларының ұйымдастырушылық жиналыстары өткізілді.
«9, 11 (12) сынып оқушыларының аралас оқыту форматына ауысуы бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындаумен және ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтиханын тапсыруға байланысты негізделген», - деді басқарма басшысы.Оқытуды ұйымдастыру келесідей түрде жүзеге асырылады: Үлгілік оқу жоспары пәндерінің 70% санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрақты форматта оқытылатын болады, оқу пәндерінің 30% - қашықтықтан оқытылады.