Павлодарда жол үстінде асфальт опырылып түсті
Павлодарда жол үстінде асфальт опырылып түсті
95
оқылды
Әлеуметтік желіде Марғұлан көшесінде жолдың үстінде асфальт опырылып, автокөліктің бір дөңгелегі кіріп кеткені түсірілген фото пайда болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ таратқан мәлімет бойынша Марғұлан көшесіндегі жағдай 9 қаңтар күні болған апат салдарынан пайда болған. «Өткен сенбі, 9 қаңтарда жылу желісінің жұмыскерлері осы учаскедегі ақауды жойған. Асфальт түсіп кеткен орын жақын арада ашылып, қиыршық таспен жабылады, - деп жазылған хабарламада. Абаттандыру бойынша жұмыстар ауа райы қолайлы болған кезде жүргізілетін болады.