Әлеуметтік желіде Марғұлан көшесінде жолдың үстінде асфальт опырылып, автокөліктің бір дөңгелегі кіріп кеткені түсірілген фото пайда болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ таратқан мәлімет бойынша Марғұлан көшесіндегі жағдай 9 қаңтар күні болған апат салдарынан пайда болған.
«Өткен сенбі, 9 қаңтарда жылу желісінің жұмыскерлері осы учаскедегі ақауды жойған. Асфальт түсіп кеткен орын жақын арада ашылып, қиыршық таспен жабылады, - деп жазылған хабарламада.
Абаттандыру бойынша жұмыстар ауа райы қолайлы болған кезде жүргізілетін болады.