Алматылық дәрігер мерекеде уланып қалмаудың жолын айтты
Алматылық дәрігер мерекеде уланып қалмаудың жолын айтты
225
оқылды

Дастарханға қойылатын дәмнің де қауіптісі болады.

Алматы қалалық №7 ауруханасының терапевті Азиза Еркінованың айтуынша кей өнімдерді мерекелік дастарханға қоюдан сақтану керек. Бұл тізім төмендегідей:

Дүкендегі консервілер мен балық

Біріншіден, консервілер мен балық өнімдерінің құрамында тұз көп болғандықтан ағзада су жиналады. Екіншіден, балық паразиттерді тасымалдаушы екенін ұмытпау керек.

«Балықты қуыру немесе асу керек. Егер сіз піскен балық сатып алатын болсаңыз жабық пакеттегі өнімдерді таңдаған жөн», – дейді Азиза Еркінова.

Өзіңіз дайындамаған торттар

Қолдан жасалған торттарды жеу ұшынуға әкеліп соғуы мүмкін. Дәрігердің айтуынша, тіпті инфекциялық немесе аллергиялық ауруларға ұрынып қалуға болады. Себебі, торттың құрамы мен жасалған уақытын анықтау мүмкін емес.

Майонез

Майонез қосылған салаттардың сақтау мерзімі бір, ары кетсе екі күн. Ал майонезсіз салатты үш күнге дейін сақтай беруге болады. Сондықтан дәрігер бұл дәмдеуішті неғұрлым аз қолдануды ұсынады.

«Мерекеде майонез қосылған салатты көп жеп қойсаңыз, екі үш күн асқазанды демалту керек», – дейді дәрігер.