Түркістанда мұғалім не үшін ұсталды?
Түркістанда мұғалім не үшін ұсталды?
295
оқылды

Оқиға №15 мектепте орын алды.

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек өз парақшасында бөліскен болатын. Видеодан мұғалімді полиция қызметкерлері әкетіп бара жатқанын көруге болады. Ішінде Түркістан ПД бастығы Данияр Мейірхан да бар. Әріптестері араша түскенмен полиция қызметкерлері ұстазды көлікке отырғызып алып кетеді.

https://youtu.be/Nz2xmhbi5AE

Кейінірек желіде мектеп директорының міндетін атқарушы Күлән Әбдіқадірованың түсініктемесі жарияланды. Оның айтуынша мұғалімді тексеріс кезінде дәретхана жанында кезекшілікте болып балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін алып кеткен.

64a952d80169ffa508d5cf67599e8705.jpeg
Одан кейін қаланың бас полицейінің парақшасында оның мұғаліммен сұхбаты жарияланды. Видеода Данияр Мейірхан: «Мен мектеп инспекторларын тексеруге келдім. Екіншіден, кезекшілердің кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп атқаратын жұмысын тексеруге келдім. Қоңырау кезінде балалардың дәретханаға баруын қадағалау керек едіңдер. Мен ондай қадағалау көргем жоқ. Инспекторлар жауап береді...» – дегені анық естіліп тұр.

https://youtu.be/wP7RDrJDL9s

Бұл оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов та пікір білдірді: «Түркістан қаласы №15 мектепте болған жағдайға жол беруге болмайды. БҒМ тарапынан мұғалімді қорғау үшін тиісті шаралардың бәрін қолданатын болады. Бұл іске қатысы бар адамдардың бәрі жазалануын талап етеміз. Оның ішінде мектеп басшылығы мен білім бөлімі де бар. Балалардың қауіпсіздігі соған сай жағдай жасалу арқылы қамтамасыз етілуі керек деп санаймын. Осындай жағдай тағы да қайталанатын болса қатаң шаралар қолданылатын болады. Жағдайдың анық-қанығына жету үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің тікелей бақылауымда», - деп жазды министр.