Құтқарушылар Алматы тауларында жараланған қызды құтқарды
Құтқарушылар Алматы тауларында жараланған қызды құтқарды
187
оқылды

Омыртқасы мен басынан жарақат алған бойжеткенді арнайы құралдармен алып жүрген.

Бұл туралы Алматы қаласы құтқару қызметі хабарлады.

«Бүгін сағат 15:09-да Алматы қаласының құтқару қызметінің 109 нөміріне Фурманов шыңынан түсу кезінде 18 жасар қыз жарақат алғаны туралы хабар келіп түсті. Жеке құрамның 4 адамынан құралған экипаж оқиға орнына жеткенде бойжеткеннің жабық ас сүйек-ми зақымын алғанын анықтайды. Сондай-ақ ол құлағанда омыртқасын да зақымдаған болып шықты. Ұның бәрі таудан түсіру кезінде қиындық тудырды», – деп жазылған құтқару қызметінің хатында.

Алғашқы көмек көрсеткен соң құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен қызды таудан төмен түсірді. Бойжеткен төменде күтіп тұрған реаниматологтар бригадасына тапсырылды. Құтқару операциясы кешкі сағат 19:00-де аяқталды.