Құтқарушылар балаларға онлайн сабақ өтті
Құтқарушылар балаларға онлайн сабақ өтті
163
оқылды

Желтоқсан мен қаңтар айларында қаладағы 224 мектептің тоғыз мыңнан астам оқушысы онлайн режимінде дәріс тыңдады.

«Сабақта қыс мезгілінде балалар ұшырап қалуы мүмкін қауіпті жағдайлардың қалай алдын алуға болатыны туралы айтылады. Су қоймалары маңында, мұз үстінде жүру ережелері, төтенше жағдай орын алға кезде не істеу керектігі, алғашқы медициналық көмек көрсету жайы түсіндірілді», - дейді құтқарушылар.

Алматы қаласы территориясынан 28 шағын өзен ағып өтеді. Күн суытқанда  тұрғындар өзен бетіндегі қатқан мұздың жұқа екенін көбіне ескере бермейді. Балалар мұз үстіне сырғанағысы келеді. Сол себепті түрлі төтенше жағдайлар орын алып жатады. Құтқарушылар өзен жағалауларында ойнаған балаларға абай болу керектігін ескертті.