Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
82
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, депе хабарлады elbasy.kz. Кездесуде осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті Төрағасы болып саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін жиындарына ерекше мән берілді. Елбасыға одақтас және стратегиялық серіктес елдердегі жағдай, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына төрағалық ету кезеңінде атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.