Ақтауда жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары мен туыстары 24 жастағы Керім Кәмшатты іздестіріп жатыр. Ол 18 сәуірде жоғалып кеткен.
Әлеуметтік желілерде де 18 сәуірде кешкі сағат 10 шамасында "Шығыс-3" кентіндегі үйінен шығып, оралмаған қыз іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады.
"Ол ұзын, жасыл, гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл түсті күртеше және ақ кроссовка киген", – деп жазылған мәліметте.
Жоғалған адамды көргендерден мына нөмірге хабарласу сұралады: 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.