Бағаның өсуі бес өңірде қатты байқалып отыр.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері 12% қымбаттады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің жұма күнгі брифингтегі сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«2018 жылдың 4 желтоқсанынан бастап ағымдағы жылдың 3 желтоқсаны аралығында әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдері 12%-ға өсті. Азық-түлік өнімдері бағасының өсімі бес өңірде қатты байқалуда», - деді Р.Дәленов. ҰЭМ ақпарынша, өсім Алматы (+15,2%), Атырау (+ 14,9%), Нұр-Сұлтан (+ 14,2%), Қарағанды (+ 13,7%), Қостанай (+ 13,6%) және Жезқазған (+ 13,4%) қалаларында байқалуда. Төрт өңірде инфляция мақсатты дәліздің жоғары шегінде тұр – бұл Атырау (6,1%), Маңғыстау (6%), Қарағанды (5,9%) облыстары мен Шымкент (5,9%).
«Азық-түлік өнімдері нарығына қатысушыларға Бәсекелестік туралы заңның бұзылу белгілерінің бары туралы хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда 152 хабарлама орындалған. Бәсекелестікті қорғау саласында заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында жыл басынан бері наық субъектілеріне қатысты сегіз тергеу тағайындалып, 34 ескерту берілді», – деді Дәленов.
ҰЭМ ақпарынша, инфляция 5,4% құрады.