Қасым-Жомарт Тоқаев тілегін Twitter арқылы жеткізген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жазбада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталғанын атап өтті.
"Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды", - деп жазды ол.
Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтіп жатыр. Ұлттық мерекеге орай ел халқы 16,17 желтоқсан күндері демалады.Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды. pic.twitter.com/NbkTR7tPA7
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 16 декабря 2019 г.