Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпиондары анықталды
Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпиондары анықталды
179
оқылды

15-16 желтоқсанда өткен жарыста балуандар 8 салмақ бойынша сынға түсті.

Ақтөбе қаласының Мұз сарайында Qazaq Kuresi бойынша Әлем біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеге 40-тан астам елден 200 спортшы қатысып, 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Назарларыңызға Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатының жеңімпаздарын ұсынамыз: 55 кг Алтын Nietbay Daulet Күміс Davaanyam Bukhchuluum Қола Abdreimov Ikram, Hayraprtyan Qaspar 60 кг Алтын Battseren Enebish Күміс Khasanov Otarbek Қола Oshima Takumi, Yerenkaiypov 66 кг Алтын Iskakov Kuanysh Күміс Batzaya Erdenebayar Қола Huseynzoda Muhammadrajab 74 кг Алтын Galymov Aidos Күміс Barbakadze Elguja Қола Plamadeala Veaceslav 82 кг Алтын Grigorian Aram Күміс Sakhan Abdikassym Қола Shomurodov Sarvar 90 кг Алтын Ghviniashvili Paata Күміс Sannohe Yuki Қола Erdentogtokh Tumennasan, Istibaev Adilzhan 100 кг Алтын Salimgereyev Nurym Күміс Loriashvili Daviti Қола Dzierzanowski Igor, Yazdanpanah Ahmad +100 кг Алтын Abdrazakov Ruslan Күміс Bobikov Roman Қола Khisomiddinov Mukhsin, Kibordzalidze Guga ABS Алтын Khisomiddinov Mukhsin Күміс Berdzenishvili Beka Қола Kurbonaliev Dadakhon Жарыстың бас төрешісі ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы - Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы болды. Чемпионатта жалпы саны 20-дан астам төреші қызмет етті. Олардың арасында Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения өкілдері бар. Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы дәстүрлі алтын, күміс, қола медальдардан бөлек үздік техника көрсетіп, әдемі әдіс жасаған немесе басқадай көзге түскен спортшыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады. Естеріңізге сала кетейік, Чемпионатқа Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Иран, Ұлыбритания, Үндістан, Литва, Ресей және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Әлем чемпионатына Корея, Франция, Ауғанстан және Испания сияқты елдер алғаш рет қатысты.