Импичмент туралы қауіпке қарамастан, Трамптың танымалдығы артып келеді
Импичмент туралы қауіпке қарамастан, Трамптың танымалдығы артып келеді
5,069
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың танымалдық рейтингі АҚШ-тағы импичмен туралы бастамаға қарамастан ең жоғары көрсеткішке жетті. Мұны Quinnipiac University жүргізген сауалнама дәлелдейді, - деп хабарлайды РИА Новости.

«Тіркелген сайлаушылардың 43 пайызы оның істегенін мақұлдайды, ал 52 пайызы келіспейді», – делінген Quinnipiac University жарияланған сауалнама қорытындысында.

Quinnipiac University сарапшысы Мэри Сноудың айтуынша, президентті осындай жоғары деңгейдегі қолдау, сайлаушылардың пікірінше, экономиканың күшеюіне байланысты.

Республикалық қолдаушылар арасында Трамп респонденттердің 92 пайызының қолдауын алды, ал сауалнамаға қатысқан демократтардың 94 пайызы президентке наразылықтарын білдірді.

Сауалнамаға сәйкес, тәуелсіз кандидаттар арасында Трамптың инаугурациядан бері рейтингі жоғарылады: сауалнамаға қатысқандардың 42 пайызы президенттің жұмысын мақұлдайтынын айтты.

Сауалнама 11-15 желтоқсан аралығында бүкіл республика бойынша тіркелген 1390 сайлаушының арасында жүргізілген.