Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында әйгілі әнші Бибігүл Төлегеноваға ұзақ ғұмыр тіледі.
«JYL ÁNI» музыкалық фестивалі Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне және осы күнмен тұспа-тұс келген КСРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай өтті. Халқымыз «Қазақтың бұлбұлы» деп атаған Бибігүл апамыз ұлттық опера өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосты» деп жазды әкім.
Сондай-ақ, А.Көлгінов жазбасында таяуда Президент Жарлығымен Бибігүл Ахметқызына бірінші дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілгенін еске салды.
«Жақында Президент Жарлығымен Бибігүл Ахметқызына бірінші дәрежелі «Барыс« ордені табыс етілді. Бибігүл Төлегенова өз өнерімен миллиондаған көрерменді тәнті еткен жарық жұлдызымыз! Апамыздың ғұмыры ұзақ болсын!» – деп атап өтті.