Қазақстанның 34 қаласы тұрғындарының жеке мәліметін сақтаған шетелдік сайт белгілі болды
Қазақстанның 34 қаласы тұрғындарының жеке мәліметін сақтаған шетелдік сайт белгілі болды
5,119
оқылды

Роскомнадзор қызметкерлері Қазақстанның 34 және Ресейдің 60 қаласының тұрғындары жайлы жеке мәлімет сақталған интернет-ресурсты анықтады, - деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

Сайт домені Франциядан екені анықталған. Сайт өзін «телефон анықтамалығы» деп жариялап, тіркелушілерге мәліметтер базасында ұялы телефон нөмірін енгізу ақылы SMS-пен кіру кодын алуды ұсынады.

Мәліметті зерттеген мамандар ресейлік және қазақстандық тұрғындардың, оның ішінде миллионға жуық адамның тегі, есімі, мекенжайы, алфавит бойынша жазылған телефон нөмірлерін анықтаған.  Сайт жеке мәлімет субъектілерінің құқығын бұзушылар тізіміне енгізілді. 

Дереккөздің жазуынша, интернет-ресурс бұғатталады.