Оралда қатты дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті
Оралда қатты дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті
203
оқылды
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қаңтар күні сағат 14.40-та Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылында болды. Екпіні секундына 22 метрге дейін жеткен қатты жел салдарынан орта мектеп ғимаратының шатыры сыпырылып түсті. Оның аумағы 1266,8 шаршы метрді қамтыды. Ғимараттың жалпы ауданы - 1778 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.