Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды
Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды
342
оқылды

«Ақорданың» хабарлауынша, Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 жылдан — жекеменшік компанияның экономисі.

1994 жылдан — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылдан — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998 ж тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.

2000 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 жылдың қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

2001 жылдың мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003 жылдың наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

2007 жылдың тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдан бері ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып келді.