Үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды
Үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды
278
оқылды

Қостанай облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жангелдин ауданында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды.

Оқиға 15 желтоқсан күні Торғай ауылында Байқадам көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған.

«Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал 22 және 34 жастағы ересек адамдардың денесін 70%-ын күйік шалған. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Жангелдин ауданында төтенше жағдайға байланысты штаб құрылды. Өртте зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді (шокқа қарсы терапия, таңу, ауырсынуды басу). Өрт кезінде 4 адам көз жұмды. Оның ішінде жасқа толмаған екі сәби бар»­ делінген хабарламада.