Шымкент «жұлдыздарды» жинайды
Шымкент «жұлдыздарды» жинайды
354
оқылды

Өткен жылдың соңына таман үшін­ші мегаполистегі «Шымкент қа­ла­лық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» ди­ректоры болып елімізге белгілі әнші, мә­дениет менеджері Сә­кен Майғазиев, жаңа­жылдық демалыстан соң опера жұл­­дызы, әлемдік сахналарда ән шыр­қап жүрген Майра Мұхамедқызы Шым­кент қалалық Опера және балет театрын бас­қаратын болды. Іле-шала қаладағы спорт мектебіне олим­пиада ойын­да­ры­ның күміс жүлдегері Мұхтархан Діл­дә­беков басшылыққа барды. Кейін қала­ның Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер  басқармасы басшысының орын­басары болып әнші Ақбота Керім­бекова тағайындалды.

Тек соңғы тағайындауға бай­ланысты ел іші мен әлеуметтік желілерде түрлі қауесет гу ете түс­кені болмаса... Шымкент қаласындағы мә­дениет және спорт са­ласына таны­мал тұлғалардың бірінен соң бірі ке­луін бұқара қуанышпен қабыл­дағанымен, А.Керімбековаға кел­генде шымкенттіктер тым кеңпейіл бола алмады. Соңғы жаңалыққа жа­тыр­қай қараған жұрт әлеуметтік желіде бірінен соң бірі қарсы пікір білдіре бастады. Оның мем­ле­кеттік мекемеде бұрын-соң­ды жұ­мыс істемегені де, тіпті шымкент­тік емес еке­ні де айтылды. Әлеуметтік желідегі осынау кере­ғар әңгіме­лер­ден соң қалалық Мә­дениет, тіл­дерді дамыту және архивтер бас­қармасы Ақ­бота Керімбекованың аталған басқармаға шы­ғармашылық және концерттік саланы жетекшілік ету бойынша келісімшарт негізінде қыз­мет етіп жатқанын, мемлекеттік қызметкер емес екенін айтып ресми мәлімдеме жасады. Біз қоғамда қызу пікірталасқа ұласқан осы жайт бойынша бірқатар тұлғаның пікірін білген едік. Шыңғыс Шыңғыс МҰҚАН,  Шымкент қаласы әкімінің  бірінші орынбасары:   – Елімізге таны­мал тұлғалардың Шым­­кент жаққа ағ­ы­­луы кездей­соқтық емес, бұл – қала әкімі Мұрат Әйтенов­тің идея­сы төңірегінде жү­зе­ге асып жатқан іс. Қала бас­шысы «Шым­кент­ті шын мәнінде республикалық қалаға айнал­дыру үшін шаһарымызда рес­публика деңгейінде ең­бек етіп жүр­ген аза­маттар жұмыс істеуі керек» деп осы жайтқа өзі бас болып жүр. Шымкент қай­ткенде респу­б­лика­лық маңыз­дағы қалаға ай­налады? Егер Батыс пен Шығыстан, Орта­лық пен Сол­түстіктен түлектер Шым­кентке ке­ліп, осы қалада ор­наласқан жоғары оқу орындарына түсіп жатса, ке­ремет емес пе?! Ол үшін Шым­кент­тің оқу орындары мықты болуы керек. Бүкіл Қа­зақ­станнан емделу үшін Шымкентке ем­делу­шілер келсе, өнерсүйер қауым Шымкенттің театр­ларына келіп жатса, кәнеки. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында зәулім үй­лер салып жүрген құрылыс ком­пания­­лары келіп жатса да құба-құп. Біз өнер тарландарын мемле­кеттік қыз­­­­мет­ке емес, үлкен өнер ұжым­дарына ша­қыр­дық. Біз Шымкенттен шыққан, бі­рақ рес­пуб­ли­калық маңызы бар қала­ларда жұмыс істеп жүр­ген танымал тұлғаларға үндеу тастадық. Үндеуді қа­был алып, Сәкен Май­ғазиев үлкен өнер ұжы­мын басқа­руға келді. Сол сияқты Майра Мұ­хамед­­қызы да Опера және балет театрына жетек­шілік етуге келісті. Басқа жақтан кадр­лар келіп жат­са, «неге Шым­кент­тен емес?» деген әңгіме ай­тыла­ды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қала­ларын­да жұмыс істедік. Бірақ ешкім «неге Алматыдан емес, Нұр-Сұлтан­нан емес, Шым­кент­тен?» деп айтқан жоқ. Респуб­ликалық маңыздағы қала болған соң еліміздің кез келген түкпірі­нен келіп адамдар жұмыс іс­теуі мүмкін. Майра апамыз Қы­тайда туып-өс­кен қазақтың талантты қызы. Кел­­ген адамдар біздің Шым­кен­тімізге не бере ала­ды сол маңыз­ды, бірін­ші­ден, олардың жастар тәр­биесіне үлесі мол болмақ. Музы­ка мектеп­тері мен өнер колледж­деріне апта­сына бір мәрте ба­рып сту­денттердің алдында өзінің тә­жрибесімен бөліссе, жастар үшін үл­кен олжа. Бұл шымкент­тіктердің ғана емес, өзге өңір жас­тарының да осын­да келуіне жол аша­ды. Екін­шіден, осындағы театр­лардың дең­гейін көтеру үшін мықты мамандар, талантты жандар керек. Бізге бас­тық­тар керек емес, рухани көшбас­шылар қажет. Эко­номикалық жа­ғын реттейтін мамандар өзіміз­ден де табылады, ал рухани көшбас­шылар өнер адам­дарының екінші тынысын ашады. Шымкентте 5 теа­тр бар екенін ескер­сек, сондағы қойылымдарды жоғары деңгейде бүкіл Қазақ­стан­ның, басқа өңір­лердің азаматтары қызы­ғатындай етіп жасау үшін, әрине орталықта тә­жі­рибесі бар осындай адамдар жұмыс істеуі қажет. Бұл енді өнер са­ла­­сымен ғана тоқтамайды. Спорт­­тан бөлек, денсаулық сала­сына да шал­ғайдан іздеп келіп ем ала­тын медицинаның мық­ты ма­манын қа­рас­тырып жатырмыз. Біз­дің денсау­лық саласы да Алматы мен Нұр-Сұл­тан қаласы­ның меди­цинасынан кем болмауы керек. Инвесторлар да жо­ғарыда айтқан қалаларға жи­нала бермей, бізге келуі тиіс. Келіп жат­қан өнер жұл­дыздары мемлекеттік мекеме­лерде белгі­ленген тиісті жалақымен жұ­мыс істейді. Оларға өзге қаржы көз­дері немесе үймен қамту мәсе­лесі қаралмаған. Ешқан­дай да ерекше жағдай жа­салған жоқ. Келешекте болмаса, дәл қазір үй­мен қамтуға мүмкіндік те жоқ Ол кісілер үшін бұл жер үлкен тәжірибе алаңы. Өзін басқа қырынан көрсет­етіндей мүмкіндік, былай қарағанда чел­лендж, әдетте адамдар сондай сынақ­ты іздеп жүреді. Сынақ адам­ды өсіреді. Сондықтан ол кісілер үшін бұл үлкен сынақ алаңы. Одан бөлек, Шымкенттен өздері сияқты шәкірттерді тәрбие­леп шығарады ғой деп ойлаймын. Біздің білуі­міз­­ше, мықты маман мықты ұстаздан шы­ғады. Қалдыбек Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, композитор, Қазақ­станның еңбек сіңір­ген қайраткері: – Әлеуметтік же­­лі­де мемле­кеті­міз­дің ны­ғаюы­на жұмыс істейтін, өнерімізді құрметтейтін адамдар отыр деп айта алмаймын. Бір адам бірнеше аккаунт ашып алып, жұрттың өскенін көре алмайтын, әр нәрсені жазып отыра беретіндер бар екен. Олар жазсақ бола береді деп ойлайды-ау деймін. Егер әлеуметтік желіде ұлттың бола­­­шағы, ұлттың ұяты үшін үн қо­­сып, қоғамдық пікір қалып­тастырып жат­са, мен түсінер едім. Майға­зиевтің Мәдениет басқар­ма­сы­на қарасты «Түркістан» сарайына директорлық ұсынысқа келіс­кеніне алғыс айтуымыз керек. Ондай елге белгілі, Қазақстанның еңбек сіңір­ген кайраткері, «Мұз­арт» тобының әншісі және Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры дең­гейіне дейін көте­ріл­­ген азамат­тың Шымкентке бар­ғаны­на қуан­уы­мыз керек. Қайта оның тә­жірибесін пайдалануымыз қажет. Қазір Шымкент  рес­пуб­ли­калық маңызы бар 3 қала­ның бірі. Оның мәдениетінің өр­кен­деуі­не үлес қосатын осын­дай жандар­дың тәжірибесі ауадай қажет. Сәкен онда зейнеткерлікке шыққанша отыр­май­ды ғой. Көп болса, 2-3 жыл оты­рар. Осы уақыт аралығында жұмыс істеудің көзін көрсетіп кете­ді. Майра Мұхамед­қызының та­ғайын­далуына да тура Сәкенге қа­тысты айтқан­дарымды айтар едім. Мұхамед­қызы қазір жас емес. Әлем таныған опера әртісі театрға бару арқылы көп нәрсе істейді, оның тәжірибесі мол. Шымкенттегі опера театрын гас­троль жасап Алматыға, астанаға әкеле алады. Тіпті, шымкенттік Опе­ра және балет театры әнші­лерінің Түр­кияға және басқа да шет­ел­ге шы­ғуы­на жол ашылды де­сек болады. Себебі олар Майраны сыйлайды, өзге елдерде байланысы бар. Ақбо­таны әнші ретінде құр­мет­тей­мін. Келген адам бір там­шы болса да үлес қосып жатса, қуануы­мыз керек. Оларға жұмыс­тарына сәттілік тілей­мін, еліміздің өркендеп, мәде­ниетіміз­дің ныға­ю­ына үлес қоса берсін!

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы