Алматыда колледжде жаппай төбелес болды
Алматыда колледжде жаппай төбелес болды
181
оқылды

15 желтоқсанда әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Telegram-канал zhest_kz арнасында бейнежазба пайда болды. Оқиға Алматыдағы жеке медициналық колледждердің бірінде өтті деп хабарланған. Бір топ студент видеода баспалдақпен айқайлап көтеріліп, фойеде жастар арасында төбелес болады.

«Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсанында полицияға Алматы колледждерінің бірінде студенттер арасында төбелес болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Осыған орай оқу орнының әкімшілігі жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс жүргізді», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша колледж директорлары мен төбелескен студенттер үшін әкімшілік хаттамалар жасалып, Алматы әкімшілік сотына жіберілді.

https://youtu.be/agCRJmr8gm4