Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мәнерлеп сырғанау сәнге айналды

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қаңтар 15, 2021
41
қаралым

Желіде азаматтар еліміздің су қоймаларында түсірілген видео­лары­мен бөлісіп жатыр. Бұл ролик­тердегі басты атрибут – коньки. Қаз­нетті әуесқой және кәсіпқой мәнерлеп сырғанаушылардың видеолары жаулап алды. Біреу­лері әдемі көйлек киіп сырғанап жүр, басқалары қарапайым киінген, алай­­да айналадағы табиғаттың ке­ре­­меттігінен барлығы кербез әрі әдемі көрінеді. «Сұлулық үшін бәрін тас­таңыз», – дейді олар.

Мұндай видеоны қазақстандық мә­нер­леп сырғанаушы Элизабет Тұрсын­баева жариялады. Видео Бурабайда түсір­іл­ген. Элизабеттің аккаунтына жазылған оқырмандар түрлі пікірлер жазып, таңда­нысын жасырмады. Кейінірек мәнерлеп сыр­ғанау­шы тағы бір видео жариялап, сипат­тама­сында «Қатты сына­ма­ңыздар. Бұл езуге күлкі  үйіру үшін ғана» деп жазды.

Сондай-ақ желіде  Каспий теңізінің мұзында сырғанап жүрген Нұрәли Бектеміровтің видеосы пайда болды. Кадрларды видеоның авторы — фотограф Әди Бектеміров Instagram желі­сіндегі аккаунтында жариялады. Онда мәнерлеп сыр­ғанаушы Нұрәли Zack Gray-дың орындауындағы Try әнін пайдаланған. Танымал болғандар арасында Қапшағайда мұз үстінде қызыл көйлек киіп, сырғанаған қыз да бар. Ол бұрын мәнерлеп сырға­наумен айналысқан Ксения Панкратова екен.

«Мұз мөлдір болады деп үміттендік, алайда онсыз да керемет шыққан сияқты. Мұны негізі жеке мұрағат үшін түсірдік, алайда осы бір сәтіммен бөлісуді ұйғар-дым», – деп жазды Панкратова. Қапшағай су қоймасы Ксенияны ғана қызық­тырмаса керек. Бұл жер аз уақыттың ішінде фотосессия мен видеотүсірілімдер жасауға арналған мекенге айналды. Тіпті, TikTok желісінде әзіл аралас видеолар да жария­ланып жатыр.

Айша ЕРСҰЛТАН

Тегтер: видеоконькимәнерлеп сырғанаусу қоймалары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

Қарағандыда полицейлердің бір топ адамды ұстау сәтінен видео тарады

«Қаржыны игерумен жұмыс бітпейді»: Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»