VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында Мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды.
Ол 1962 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1984 – Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Инженер-механик.
1984 – 1985 жж. – «Қарағандыоблгаз» ӨБ автоколонна басшысы, инженері.
1985-1990 жж – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.
1989 жылы – ЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебі (Мәскеу гуманитарлық университеті), саясаткер.
1990-1993 жж. – Қазақстан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.
1993-1995 жж. – «Тенгри» кәсіпорнының президенті.
1995-1999 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
1999-2002 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2004 жж. – ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі.
2004 жылдың маусым айынан, 2006 жылдың қаңтар айы аралығында – ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2006 жылдың қаңтарынан, 2009 жылдың қарашасы аралығында Қарағанды облысының әкімі.
2009 жылдың қараша айынан, 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары.
2012 жылы 20 қаңтарда бірауыздан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы
2016 жылы 22 маусымда бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
2019 жылғы 22 тамызынан – Nur Otan партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.
Жиында Сауытбек Абрахманов: «Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшы қызметтерде болып, өмірдің үлкен сынағынан өтті. Елбасының сынына шыдас берген, қазақша айтқанда, от пен судан өткен тұлға. Нұрлан Нығматулиннің Мәжіліс төрағасы ретіндегі қызметті танытқан талапшылдығын, іскерлігін, жауаптылығын біз алтыншы шақарылым кезінде өз көзімізбен көріп, күн сайын куә болып жүрдік. Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин кандидатурасы ұсынылуы әділ әрі орынды. Мен Парламентке сайланған барлық әріптестерімді, саяси партия фракциялар мүшелерін, Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттарды осы кандидатураны қолдауға шақырамын», – деп пікір білдірді.