Австралияда аптап ыстық
Австралияда аптап ыстық
5,099
оқылды

Рекордтық температура тіркелді.

Елде 17 желтоқсанда аптап ыстық болып, сынап бағанасы +40,9° градусты көрсетті, – деп хабарлайды The Guardian.

1,6 мыңнан астам өрт сөндіруші ел аумағында тұтанған бірнеше ірі өртті ауыздықтауға әрекет етіп жатыр. Әсіресе, Госперс тауы төңірегіндегі жалын бой берер емес.

Ресми деректер бойынша, 2019 жыл Австралиядағы метеобақылау жүргізілгелі бергі ең ыстық жыл болуы мүмкін.

Бұдан бұрынғы рекорд 2013 жылғы қаңтарда тіркеліпті. Онда ауа температурасы 40,3 градусқа жеткен.