Боксшымыз WBA International титулы үшін жекпе-жек өткізеді
Боксшымыз WBA International титулы үшін жекпе-жек өткізеді
123
оқылды
Ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (14-0, 13КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды, деп жазады Prosports.kz. Отандасымыз 20 ақпанда Германияның Гамбург қаласында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - 38 жастағы чехиялық боксшы Павел Соур (13-3, 8КО). Бұл кездесуде ауыр салмақтағы WBA International титулы сарапқа салынады.  Кособуцкий соңғы жекпе-жегін былтыр күзде Минскіде өткізіп, поляк Камил Соколовскийді нокаутқа жіберген болатын.Қазірге дейін Жан кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның 13-і нокаутпен жеңді.