ДАИШ содырлары күшейіп жатыр
ДАИШ содырлары күшейіп жатыр
5,109
оқылды
«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда күшейіп Орталық Азияға соққы беру үшін плацдарм дайындап жатыр, – деп жазды РИА Новости. Агенттік Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің Тегерандағы жиында сөйлеген сөзіне сілтеме жасаған. «Бір жыл бұрын Ауғанстан қауіпсіздігі бойынша өткен жиыннан бері жағдай жақсармай тұр, керісінше шиеленісіп барады. ДАИШ содырларының күшейіп жатқаны алаңдатады», – деген Патрушев. Оның атуынша, түрлі дерек бойынша Ауған жерінде 2,5 мыңнан 4 мыңға дейін ДАИШ содырлары бекінген. «Олар Тәжікстан мен Түрікменстан арқылы Орталық Азия өңіріне өтіп, аумақта Ұлы Хорасан құрғысы келеді», – дейді РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.