Бұйрық 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Елімізде алма импортына тыйым салынды
фото: www.istockphoto.com
230
оқылды

Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара отандық өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін тұрақты өткізуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 1 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 3 қыркүйектен 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан аумағына алманы көліктің барлық түрімен әкелуге тыйым салынды.

Тыйым мына жағдайларға қолданылмайды:

тауардың межелі орны Қазақстан болмаған жағдайда алманы ел аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екіншісіне Қазақстан арқылы жеткізуге;

жөнелтуші елде 3 қыркүйекке дейінге дейін экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған алмаға. Бұл ретте экспорттық декларация және тауардың 3 қыркүйекке дейін жөнелтілгенін растайтын көлік құжаттары ұсынылуға тиіс. Ал тауар кедендік транзит рәсімімен тасымалданған жағдайда транзиттік декларация қажет;

3 қыркүйекке дейін Қазақстанға іс жүзінде әкелінген, оның ішінде уақытша сақтауда тұрған алмаға. Ол үшін тауардың бұйрық күшіне енгенге дейін ел аумағына жеткізілгенін растайтын құжаттар ұсынылуы керек.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара отандық өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін тұрақты өткізуге мүмкіндік береді.