«Бір сағат бойы кінәні өз мойныма алуға мәжбүрледі» — төрт баланың әкесін педофил деп ойлаған (видео)
«Бір сағат бойы кінәні өз мойныма алуға мәжбүрледі» —  төрт баланың әкесін педофил деп ойлаған (видео)
5,179
оқылды

«Еуразия бірінші арнасының» хабарлауынша, ақтөбелік тұрғын Нұрлан Шандин қателесіп педофил деп айыптағандардың үстінен облыстық прокуратураға шағымданған.

Таяуда қалалық полицейлер 12 желтоқсанда тоғыз жастағы қызды зорлады деген күдіктіні ұстаған. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.  Алайда өткен аптада әлеуметтік желіде қолданушылар Нұрланның суретін жариялап, «қыз баланы зорлады» деп айыптаған.

Шын мәнінде, төрт баланың әкесі бұл іске еш қатысы болмаған. Енді ер адам құзырлы органдардан түсіндіру жұмыстарын күтіп отыр, оны кінәсіз деп табуын талап еткен.

«Мені бөлімге апарып, бір сағат бойы кінәні өз мойныңа ал деп мәжбүрледі. Содан соң екі адам пәтерімді тексерді. Көлігімнің багажындағы заттарды алып кетті. Таңғы төртке дейін сұрау алды. Сосын олардан шыққан соң интернеттен «Зорлықшыларға өлім» деген атпен пікірлерді оқыдым, өз өмірім үшін алаңдай бастадым», — дейді тұрғын.