Жұмылған жұды­рық­тай бірлік
Жұмылған жұды­рық­тай бірлік
142
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ал­ма­ты облыстық филиалының Сая­си кеңес мүшелері желі ар­қылы І.Жансүгіров атын­да­ғы Жетісу мемлекеттік уни­вер­си­тетінің ұжымымен жүздесті.

Желідегі жүздесуге аталмыш оқу орнының профессор-оқыту­шылары мен студенттері қатысты. Кездесуде Қуат Баймырзаев пар­тияның осы уақытқа дейін атқар­ған істерін баяндай келе, жетекші партия халық үшін жүйелі жоспар құрып, нық әрі жемісті жұмыс іс­теп жатқанын сөз етті. Оның сөзі­не сүйенсек, нақты істер пар­тиясы елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалта­рыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтааралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде елі­міздің демократиялық таңдауы­ның аясы кеңейгенін аңғартты. Партия жастарға мол мүмкіндік беруде. Одан бөлек, нәзікжан­дылардың да мінберге шығуына жағдай жасауда. Бастысы, халық көңілінен шығып, артылған се­нім­ді ақтауды көздейді. – Міне, еліміздегі ең үлкен саяси дода Парламент сайлауы өтті. Халықтың қолдауымен «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті. Бұл жеңіс –халықтың жеңісі. Елбасы жүргізген сындарлы саясаттың нә­тижесі. «Nur Otan» партиясы­ның халық арасындағы сан жылғы бе­делі. Ендігі мақсатымыз айқын. Сайлауалды бағдарламаны іс жүзінде жүзеге асырып, халық ал­дын­дағы уәдемізді орындау.  Облы­сымыздың экономикалық-әлеу­меттік дамуын қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақ­сарту. Алдағы ауқымды жұ­мысты партия мүшелерімен, облыстық мәслихат депутат­тары­мен бірлесе атқарамыз деп ой­лай­мын. Партия Төрағасы Н.Назарбаев­тың алға қойған мақ­сат-міндеттерін бірлесе атқаруға күш салайық, жақсы іске жұды­рық­тай жұмылайық, – деді Қуат Баймырзаев. Кездесу барысында студенттер ел ағаларына алғыс білдірді. Жай алғыс емес, ел үшін жемісті жұмыс істеп, болашақты бағамдау жо­лын­да жүйелі жоспар құрып, сол жоспарды нық жүзеге асырып келе жатқан партияға ризашы­лықтарын жеткізді.

Абылайхан ЖҰМАШ