«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңес мүшелері желі арқылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұжымымен жүздесті.
Желідегі жүздесуге аталмыш оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесуде Қуат Баймырзаев партияның осы уақытқа дейін атқарған істерін баяндай келе, жетекші партия халық үшін жүйелі жоспар құрып, нық әрі жемісті жұмыс істеп жатқанын сөз етті. Оның сөзіне сүйенсек, нақты істер партиясы елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтааралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңейгенін аңғартты. Партия жастарға мол мүмкіндік беруде. Одан бөлек, нәзікжандылардың да мінберге шығуына жағдай жасауда. Бастысы, халық көңілінен шығып, артылған сенімді ақтауды көздейді. – Міне, еліміздегі ең үлкен саяси дода Парламент сайлауы өтті. Халықтың қолдауымен «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті. Бұл жеңіс –халықтың жеңісі. Елбасы жүргізген сындарлы саясаттың нәтижесі. «Nur Otan» партиясының халық арасындағы сан жылғы беделі. Ендігі мақсатымыз айқын. Сайлауалды бағдарламаны іс жүзінде жүзеге асырып, халық алдындағы уәдемізді орындау. Облысымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту. Алдағы ауқымды жұмысты партия мүшелерімен, облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарамыз деп ойлаймын. Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың алға қойған мақсат-міндеттерін бірлесе атқаруға күш салайық, жақсы іске жұдырықтай жұмылайық, – деді Қуат Баймырзаев. Кездесу барысында студенттер ел ағаларына алғыс білдірді. Жай алғыс емес, ел үшін жемісті жұмыс істеп, болашақты бағамдау жолында жүйелі жоспар құрып, сол жоспарды нық жүзеге асырып келе жатқан партияға ризашылықтарын жеткізді.Абылайхан ЖҰМАШ