Оқу гранттары жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен көбейтілмек
Оқу гранттары жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен көбейтілмек
5,267
оқылды

Мемлекеттік білім беру грантының саны жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер есебінен, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы және табысы төмен азаматтар үшін гранттар санын арттыру жоспарланып отырғанын айта кету керек. Бұл жастарға жоғары білім алуға, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолжетімділікті кеңейтеді», – деді министр.

Ол сонымен бірге Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік білім беру грантының құнын ұлғайту қарастырылғанын атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен жоғары білім беру қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, әлеуметтік пакеттер ұсынуға, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын, сондай-ақ олардың кадрлық әлеуетін жаңартуға және нығайтуға мүмкіндік береді.