Денис Евсеев финалға шықты
Денис Евсеев финалға шықты
179
оқылды

Түркияда теннистен өтіп жатқан ITF турнирінен қуанышты хабар жетті. Отандасымыз Денис Евсеев  украиналық Владислав Орловпен бірге жұптық сында турнирдің финалына шықты.

Әуелден көпшілік Евсеев пен Орлов жұбынан үміт күтті. Әрі жекелей сында Александр Бубликтің жеңіліп қалғаны жанкүйердің еңсесін түсірген-ді. Финалдың 1-ракеткасы болып тіркелген олар жартылай финалда француз Максим Хаму мен түрік Туна Алтун жұбын қапы қалдырды.  Нәтижесінде, 6:2, 6:1 есебімен  жеңіске жетті. Енді  Д.Евсеев пен В.Орлов финалда аргентин теннисшілері Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундолоға қарсылас атануы мүмкін.  Егер олар жартылай финалда ұтылса, латвиялық Даниэл Морозов пен Илья Снитаримен кортта кездеседі. Евсеев-Орлов жұбы бар кедергіге шыдас беретін сыңайлы. Өйткені олар түрік теннисшілерімен (Мерт Өздемир-Берк Илкелді) өткен алғашқы кездесуде айқын басымдық көрсетті. Жартылай финалда Мерт Алкай мен Баран Ченгизден басым түсті (6:4,6:4).

А.ЖОЛДАС