Желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың концертте балағат сөз айтқан видеосы тараған болатын.
Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді (видео)
Фото: видеодан кадр/polisia.kz
45,408
оқылды

Әнші Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 2024 жылғы АЕК мөлшері – 3 692 теңге. Сонда әншіге 73 840 теңге айыппұл салынды. Ал бұл айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болса, 36 920 мың теңгеге шығады. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың концертте балағат сөз айтқан видеосы  тараған болатын.

Бұған дейін қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл айтарлықтай өсетіні хабарланған болатын.