Ұрлық, зорлау, есірткі тарату, браконьерлік, мас күйінде көлік жүргізуге қатысты жаза күшейтіледі
Ұрлық, зорлау, есірткі тарату, браконьерлік, мас күйінде көлік жүргізуге қатысты жаза күшейтіледі
115
оқылды

Сенатта қасақана жасалған қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту мәселесі қаралды, — деп хабарлайды «Қазақпарат».

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды.

«Заң жобасының бірінші блогы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қамтиды. Олар жекелеген қасақана қылмыстар үшін жауаптылықты қатайту туралы. Атап айтсақ, ұрлық, зорлау, есірткі тарату, браконьерлік, мас күйінде көлік жүргізуге байланысты болып отыр», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов. Ол сондай-ақ ұрлық та ауыр қылмыстар қатарына жатқызу мәселесі қаралғанын айтты.

«Заңсыз есірткі айналымы үшін заңнама талаптары күшейтіледі. Электронды ақпарат ресурстары арқылы есірткі тарату, есірткіні насихаттау мен жарнама үшін қылмысқа жауапкершілік артады», – деді М. Ахметжанов.

Сонымен қатар заңсыз аң аулауға тосқауыл қою мәселесі де басты назарда болатынын айтты.