3 млрд теңгенi Finbet букмекерлік кеңсесі қызметкерлерi заңсыз тапқан
3 млрд теңгенi Finbet букмекерлік кеңсесі қызметкерлерi заңсыз тапқан
190
оқылды

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Finbet букмекер кеңсесіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады, — ведомство баспасөз қызметі.

«Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Finbet букмекер кеңсесінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Осы ұйымның лауазымды тұлғалары букмекер қызметімен қатар Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Құмар ойындарға заңсыз ақша қабылдау Алматы, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған» делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, кеше арнайы операция жүргізілді. Қаржы мониторингі комитетінің деректері бойынша Finbet букмекер кеңсесі заңсыз ойын қызметін жүзеге асырған.

«Заңсыз қызметтен түскен жыл сайынғы табыс — 3 миллиард теңге. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасады», — деді комитет өкілдері.