Тағам дайындау — бұл үлкен ізденіс пен білімді талап ететін үдеріс.
Біз барлығымыз сапасыз тағам өнімін пайдалану ағзамызға қауіпті екендігін білеміз.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы үй жағдайында дайындалған тағам өнімдеріне (І, ІІ, ІІІ – тағамдар, торттар, тоқаштар, суши және т.б.) тапсырыс беруді және қандайда бір іс-шара өткізуде кейтеринг компаниялары қызметіне жүгінуді әдетке айналдырған. Себебі бұл қызмет түрі ыңғайлы және кафе немесе мейрамханаларға тапсырыс бергеннен әлдеқайда арзан.
Әлеуметтік желілерден тағам тапсырыс бермес бұрын және кейтеринг компаниялары қызметіне жүгінбес бұрын, тағамның қайда, қалай және кіммен дайындалатынын ойланыңыз. Тағам өнімдері лас, дайындауға қажетті қарапайым жағдайы жоқ бейімделген үй-жайларда, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам өнімдерінен және т.б. дайындалуы және шикі және дайын тағам өнімдеріне бір ыдыс қолданылуы мүмкін.
Ал тағам дайындайтын адам сізге және балаларыңыздың денсаулығына қауіп келтіретін ішек инфекцияларының, сальмонеллез, шигеллез және басқа да аурулардың ауру көзі немесе бактериятасымалдаушысы болуы мүмкін. Сіздің осындай жағдайға ұшырамауыңызға ешқандай кепілдік жоқ.
Өз денсаулығыңызбен балаларыңыздың денсаулығын тәуекелге тігуге тұрарлық ба? Егер сіздің ауруыңызға әлеуметтік желі арқылы тапсырыспен алынған тағам өнімдері себепші болған жағдайда әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікті мойнына алады ма?
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және халық арасында тағамнан уланудың және жіті ішек ауруларының алдын алу мақсатында Департамент ұсынады:
- кремді-кондитерлік өнімдерге интернет-ресурстары арқылы тапсырыс бермеңіз, себебі олардың қандай жағдайда дайындалғаны, әрі қарай қалай сатылатыны белгісіз;
- кейтеринг компанияларының қызметін үй жағдайында пайдаланғанда кейтеринг қызметіне жұмыс жасауға рұқсат құжаттарының бар екеніне, қызметшілердің жұмысқа жарамдылығы көрсетілген жеке медициналық қітапшаларының, арнаулы киімдерінің болуына, сонымен қоса тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттарының болуына назар аударыңыз (Кеден одағының сәйкестік туралы декларациясы, ветеринарлық сертификат және т.б.)
Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті