Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды
Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды
282
оқылды
Норвегияда COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды. Бұл туралы Норвегия дәрі-дәрмек агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Көз жұмғандардың бәрі – 80 жастан асқан, созылмалы аурулары бар қарттар. Ұлттық денсаулық сақтау институты енді егде жастағылардың екпе қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізбек.
«Вакцинаға байланысты 23 өлім фактісі бар. Қазір оның 13-ін мамандар зерттеп жатыр", – делінген хабарламада.

Норвегияда халықты жаппай вакциналау науқаны 27 желтоқсанда басталды.